Спорт • 20 Қаңтар, 2021

Шаңғы спорты түрлерінен биылғы әлем чемпионаты көрерменсіз өтеді

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық шаңғы спорт түрлері федерациясы Германия тарапымен бірлесе отырып,  2021 жылғы әлем чемпионатын көрерменсіз өткізу туралы шешім қабылдады деп жазады Olympic.kz. 

Шаңғы спорты түрлерінен биылғы әлем чемпионаты көрерменсіз өтеді

Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады. Бұған дейін жарысқа билет алып қойған жанкүйерлерге қаражаты қайтарылады.  Айта кетейік, әлемдік федерация турнирге көрермендерді қатыстыру туралы мәселені ұзақ талқылап, кейін осындай тоқтамға келді. 

Шаңғы спорт түрлерінен әлем чемпионатында шаңғымен жарысу, қоссайыс және тұғырдан секіруден жалпы есебі 23 жүлде жиынтығы таратылады.  Әлемдік сын Германияның Оберстдорф аймағында 23 ақпан мен 7 наурыз аралығында ұйымдастырылады.