Спорт • Бүгін, 15:20

2030 жылғы қысқы Олимпиада ойындары қайда өтетіні белгілі болды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2030 жылғы қысқы Олимпиада ойындары Францияның Альпі тауларында өтеді деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz. 

2030 жылғы қысқы Олимпиада ойындары қайда өтетіні белгілі болды

Фото: AP Photo/David Goldman

Айта кетейік, Франция төртінші рет қысқы Олимпиада ойындарын өткізгелі отыр. Бұған дейін бұл елде 1924 жылы (Шамоникс), 1968 жылы (Гренобль) және 1992 жылы (Альбертвилл) қысқы Олимпиада ойындары өткен еді.

Айта кетейік, қазір Франция мемлекеті 2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарын өткізуге дайындалып жатыр. Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 26 шілдеде өтеді.