Қазақстан • 20 Қаңтар, 2021

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

886 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан бойынша 21-23 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды, - деп хабарлайды Egemen.kz

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

«Солтүстік және оңтүстік циклондардың қосылуы республиканың оңтүстігі мен шығысында қатты жауын-шашын тудырады. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте және шығыста, сондай-ақ орталықта өте қатты жел болуы ықтимал. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Солтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде -25...-30°С дейін төмендейді деп күтілуде», делінген «Қазгидромет» хабарламасында.