Қазақстан • 20 Қаңтар, 2021

Қазақстан Әзербайжаннан қызанақтарды алып келуге уақытша тыйым салды

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16 қаңтардан бастап АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті карантиндік фитосанитариялық шара ретінде Әзербайжан Республикасының аумағынан қызанақты алып келуге уақытша шектеу енгізді. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Әзербайжаннан қызанақтарды алып келуге уақытша тыйым салды

Әзербайжан елінен жеткізілген қызанақ жемістеріне карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу кезінде 17 жағдайда Tomato brown rugose cfruit virus (ToBRFV) вирусы анықталды. Осыған байланысты Комитет уақытша карантиндік фитосанитариялық шара енгізді.

ISPM №13 «Сәйкестік және төтенше жағдайлар туралы ескерту нұсқаулығы» Халықаралық стандарттарына сәйкес Әзербайжан агенттігіне тиісті нотификациялар жіберілді.

Қазақстан Республикасының аумағында вирустың таралуына жол бермеу мақсатында шектеу шаралары 2021 жылғы 16 қаңтардан бастап енгізілді.

Қызанақ жемістерінің Tomato brown rugose cfruit virus (ToBRFV) вирусы алқа тұқымдастары дақылының 30-70% өсімінің төмендеуіне алып келуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар