Аудан әкімі Шәкір Кейкиннің мәліметінше, осы мақсатқа 500 гектар жер учаскесі бөлінген. Жобаның инвесторы – «Дивитэл» ЖШС. Станса құрылысын 2022 жылы аяқтау көзделіп отыр. Қазір оған 12 адам жұмысқа тартылды. Жоба іске қосылғаннан кейін 50 адам тұрақты жұмысқа алынады.
Желден қуат жинайтын стансаға 24 қондырғы орнатылады. Оның әрқайсысы қуаты 2 МВт болатын энергия өндіреді. Жел турбиналарының биіктігі –106, ебелегінің ұзындығы – 43 метр.
– Энергия ресурстарын үнемдеу жолында ауданда бірқатар жұмыс жүргізіліп жатыр. Ал бұл жоба баламалы энергия көздерін өндірудің тиімді тәсілі. Мамандар аталған жобаны бастамас бұрын арнайы талдау жүргізіп, тәжірибеден өткізді. Жел электр стансасы ауданды электр қуатымен толық қамтуға мүмкіндік береді, – дейді аудан әкімі.
Атырау облысы