Спорт • 21 Қаңтар, 2021

Томас Бах Токио олимпиадасының мерзімінде өтетінін мәлімдеді

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах Токиодағы жазғы ойындардың өтпей қалуы немесе ауыстырылуы мүлде талқыланбайтынын айтты. Бұл туралы ХОК президенті жапонның Киодо агенттігіне берген сұхбатында айтқан деп жазады Olympic.kz.

Томас Бах Токио олимпиадасының мерзімінде өтетінін мәлімдеді

«23 шілде күні Токиодағы олимпиадалық стадионда Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтпейді деп айтуға еш негіз жоқ. Сол себепті, қандай да бір артық жоспар да жоқ. Біз ойынды өз мерзімінде табысты әрі қауіпсіз етіп өткізуді көздеп отырмыз», - дейді Бах.

Сондай-ақ, Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы ұйымдастырушылар үшін ең үлкен міндет – қатысушылардың қауіпсіздігі екенін айтқан. Сондай-ақ, Бах мырза ойынға келетін көрермендер саны азаюы мүмкін екендігін, тіпті, Олипиаданы жанкүйерсіз өткізу қаупі бар екенін мәлімдеді. 

Айта кетелік, Токио Олимпиадасы 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығында өтуі тиіс болатын. Алайда, ғаламдық пандемияға байланысты ойын 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығына ауыстырылды.