Болашағымыз бұлыңғыр болмас үшін алдағы даму жылдарында алдын алуды қажет ететін бірқатар олқы тұсымыз бар екенін жасырмай айтып жүрміз. Басқасы басқа, ел экономикасын елеулі шығынға батырып, халықтың сеніміне секем мен селкеу түсіріп келе жатқан сыбайлас жемқорлықтан арылғанымыз шамалы. Адалдықтың ала жібінен аттағандардың қай-қайсысы болсын әлі жетсе жымқырып, сәті түссе қымқырып қалғылары келеді.

Коллажды жасаған Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»
Мұндайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жыл сайын Қазақстанда орташа есеппен 2 мыңнан астам сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс тіркеледі. Мыңнан аса адам жауапқа тартылады. Бұл – батпандап кіріп, мысқалдап шығатын кесел. Осы ауруды қазір шұғыл түрде емдемесек, ертең кеш болуы мүмкін», деген сөзі еріксіз еске түседі. Иә, жемқорлардың желкені жиылмайынша, алдағы күнге алғаусыз қарай алмаймыз. Осынау кесел қай салаға болсын сыналап та, дендеп те кіріп алған. Мұны жуырда Transparency Kazakhstan қоғамдық қоры жүргізген сауалдаманың нәтижесіне сүйеніп айтып отырмыз.
Аталған қоғамдық қор еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың жай-күйіне қатысты мониторинг жүргізіп, 2020 жылғы нәтижелерді жариялап отыр. Осы ұйымның сарапшылары Қазақстандағы қалалардың, облыс және аудан орталықтарының деңгейінде 9 000 респонденттің қатысуымен сауалдама жүргізіп, «Ашық диалог» порталына келіп түскен 1 347 шағымға талдау жасапты. Бұл зерттеу жұмысы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Даму бағдарламасының қолдауымен іске асырылған екен.
– Зерттеуге 200-ге жуық әлеуметтанушы мен 12 талдаушы қатысты. Олар өткен жылғы күз мезгілінде республикалық маңызы бар 3 қалада, 14 облыс және 143 аудан орталықтарында сауаднама жүргізді. Әдістеме Transparency International-дің екі жаһандық зерттеуіне – тұрғындардың сыбайлас жемқорлық тәжірибесін өлшейтін әлемдік сыбайлас жемқорлық барометрі мен қоғамдық дискурстағы сыбайлас жемқорлық тақырыбының өзектілігін бағалайтын индекске негізделген, – дейді Transparency Kazakhstan қоғамдық қорының атқарушы директоры Ольга Шиян.
Оның айтуынша, сауалдама нәтижелері бойынша отандастарымыз сыбайлас жемқорлыққа жиі тап болатын өңірлер мен мемлекеттік органдар, сондай-ақ неғұрлым жемқор мемлекеттік лауазымдардың тізбесі, сыбайлас жемқорлық мәмілелерінің себептері мен мән-жайлары, пара сомалары анықталып отыр. Азаматтардың пікірінше, өмірде туындаған мәселелерді көбінесе Жамбыл, Атырау, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында, ал кәсіпкерлердің пікірлері бойынша Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Ақмола, Павлодар, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында «бейресми жолмен» шешуге тура келген. «Бейресми жол» деп нақ осы сыбайлас жемқорлық, тамыр-таныстық туралы айтылып отырғаны белгілі.
Осылайша, «бейресми әрекеттердің» жарияланған жағдайларының үштен екісін құраған емханалар мен ауруханалар, полиция, салық және өртке қарсы қызметтер, жер қатынастары және қала құрылысы органдары, халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), мемлекеттік балабақшалар мен жоғары оқу орындары сыбайлас жемқорлыққа барынша бой алдырған мемлекеттік мекемелер ретінде белгіленіпті.
Отандастарымызды сыбайлас жемқорлыққа итермелейтін негізгі себептер ретінде азаматтардың ем алу немесе емделуге жолдама алу (12,7%), жұмысқа орналасу (10,1%), баланы балабақшаға орналастыру (6,1%), жер мәселесін шешу (6,5%), ХҚКО-дан анықтама алу (5,1%), сессияны «жабу» (4,4%), салық есебін тапсыру (9%), жол берілген бұзушылықтар кезінде жауапкершіліктен құтылып кету (8,4%) кездеріндегі заңға қайшы әрі әдепсіз әрекеттерін айтуға болатын секілді.
Респонденттер көп жағдайда мәселені «бейресми шешудің» бастамашылары мемлекеттік мекемелердің қызметшілері, ал әрбір төртінші жағдайда – делдалдар екенін атап өтті. «Бір жыл ішінде сыбайлас жемқорлық мәмілелеріндегі делдалдардың үлесі 6 пайызға өсті. Мұны респонденттер карантин кезінде мемлекеттік мекемелердің жеткіліксіз ақпарат беруімен байланыстырды», дейді Ольга Шиян.
Сауалдамаға қатысқандардың үштен екісі, егер қандай да бір мекеменің қызметкері пара алғысы келсе, онда ол әуре-сарсаңға салып, өз өкілеттіктерін асыра пайдаланатынын атап өткен. Пара сомасы 1 мың теңгеден бастап, 300 мың теңгеге дейін жеткен көрінеді. Ал 2019 жылы 500 теңгеден бастап, 500 мың теңгеге дейін болған көрінеді.
«Ашық диалог» порталын талдау нәтижелері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының, Ішкі істер, Қаржы, Денсаулық сақтау, Әділет, Еңбек және әлеуметтік қорғау, Цифрлық даму министрлерінің, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының блогтарына сыбайлас жемқорлық туралы ақпарат барынша жиі жолданатын көрсетті. Әсіресе Алматы, Павлодар облыстары және Алматы қаласы әкімдерінің блог-платформаларына шағым жиі түскен екен.
Арыз берушілер полицияның, аудан әкімдіктерінің, мемлекеттік ауруханалар мен емханалардың, салық органдары мен жеке сот орындаушыларының жұмыс сапасына наразылық білдірген. Олардың пікірінше, әуре-сарсаңға салу, мемлекеттік органдардың өтініш берушілердің мәселелерін қараудағы әрекетсіздігі, қызметкерлердің біліксіздігі және мемлекеттік дерекқорлардағы техникалық қателер мен қате мәліметтердің болуы – шағымдардың негізгі себептері болған.
Алайда еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қатысты жағдайдан мүлде күдер үзуге болмайтын секілді. Себебі, азаматтардың 37,4 пайызы және кәсіпкерлердің 45,9 пайызы өздері тұрып жатқан елді мекендерде кейінгі жылдары сыбайлас жемқорлықтың төмендегенін атап өткен. Яғни мемлекеттік органдарға жүгінген кезде тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа тап болған респонденттердің үлесі 2020 жылы небары 11,3 пайызды құраса, бұл көрсеткіш 2019 жылы 13,4 пайыз болған. Бөркімізді аспанға атпасақ та, жемқорлықтың сәл де болса азайғаны байқалады. Осындай оң көрсеткіштің барын кәсіпкерлер де мойындап отыр. Өткен жылы мемлекеттік органдарға жүгінген кезде шағын орта бизнес өкілдерінің 8,2 пайызына мәселені «бейресми жолмен» шешуге тура келсе, 2019 жылы бұл көрсеткіш 9,2 пайызды құраған болатын.
Бизнес-қоғамдастықтағы жағымды көріністі де атап өткен жөн. Мәселен, сауалдамаға қатысқан кәсіпкерлердің 80 пайыздан астамы Қазақстанда пара бермей-ақ бизнесті дамытуға болады деп есептейді. Яғни заңға қайшы әрекетке бармай-ақ, құқықтық шеңберде жұмыс істеуге, кәсіпті дөңгелетіп, жетістікке жетуге барлық мүмкіншілік жасалған. Азаматтар мен бизнес-қоғамдастықтардың пікірінше, Президент, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Үкімет, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және саяси ұйымдардың ішінде Nur Otan партиясы барынша сенімге ие.
Ең бастысы, сауалдамаға қатысқан қазақстандықтардың 60 пайыздан астамы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте тиісті органдарға көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірген. Бұл – қуантарлық жайт. Себебі, отандастарымыздың ниеті түзелген жағдайда ғана қолданылып жатқан шаралардың барынша нәтижесін көретін боламыз. Осы мәселені ел Президенті ерекше назарға алып, «Әкімшілік сауалдама жүргізеді, өзім де ел аралап жүремін. Сонда байқағаным, біздің қоғам жемқорлықпен ымырасыз күресуге дайын. Біздің елді дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жоспарларымыз жемқорлықты түбегейлі жойған жағдайда ғана жүзеге аспақ», деген болатын. Яғни жалпақ жұрт жемқорлықпен жұмыла күресуге дайын. Оған – осы сауалдамаға қатысқандардың пікірлері де куә. Тек халықтың ынта-ықыласын дұрыс пайдалана алсақ, алға қойған биік те бағынар, қамал да алынар.
Әскери полиция органдары туралы заң жобасы әзірленді
Қоғам • Бүгін, 15:57
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады
Қазақстан • Бүгін, 15:50
Қылмыстық іс: Өскемендік тәрбиеші балаларға зәбір көрсеткен
Аймақтар • Бүгін, 15:40
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Бүгін, 15:34
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Бүгін, 15:33
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Бүгін, 15:18
Қарағандыдағы көпқабатты үйдің кіреберісінен тастанды нәресте табылды
Қоғам • Бүгін, 15:17
Алматы облысында 30 млн теңгенің жылқысын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:13
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Бүгін, 15:05
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Оқиға • Бүгін, 15:03
Аң аулау ережесін бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Бүгін, 14:55
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Бүгін, 14:50
Алматыда ағылшын тілінен өткен білім сайысы мәреге жетті
Білім • Бүгін, 14:40
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 14:37
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Бүгін, 14:32
Сенатор қандастарға берілетін төлқұжатты Наурыз мерекесінде табыстауды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 14:15
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Бүгін, 14:00
Сенатор кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтергенді жөн санайды
Қоғам • Бүгін, 13:27
«Nissan Primera» көлігі жылқы соқты
Аймақтар • Бүгін, 13:25
Мажарстан инвесторлары Түркістан облысында күн электр стансасын салады
Экология • Бүгін, 12:56
Нұрлан Нығматулин Мәжіліс жанынан партияаралық Қеңес құруды ұсынды
Парламент • Бүгін, 12:53
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары ротацияланады
Білім • Бүгін, 12:46
Түркістан облысының білім беру саласында 29 қылмыстық құқық бұзушылық деректері тіркелген
Аймақтар • Бүгін, 12:36
Елорданың бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Германиядағы локдаун 28 наурызға дейін ұзартылды
Әлем • Бүгін, 12:30
Карантинге байланысты қызметкерлердің тең жартысы қашықтан жұмыс істеуі керек
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Нұр-Сұлтанда базарлардың демалыс күндері де жұмыс істеуіне рұқсат етілді
Аймақтар • Бүгін, 12:29
Абзал Бейсенбекұлы Қаржы министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:19
Төтенше жағдай инспекторлары кәсіпорындардың жұмысын тоқтату құқығына ие болды
Қоғам • Бүгін, 12:14
Қазақстан елшісі Мәскеудегі Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте болды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Forte Challenger турнирінде 3 қазақстандық спортшы жұптық сында ширек финалға өтті
Спорт • Бүгін, 12:04
Мемлекеттік білім беру ұйымдарына педагогтерді конкурс арқылы қабылдау енгізіледі
Білім • Бүгін, 11:57
Қостанай облысында ақылы жолдар пайда болады
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Түркістан облысында цирк, бильярд клубтары жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Бүгін, 11:37
Түзеу мекемесі қызметкерлері қан тапсыруды міндет санайды
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық рейтингінде позициясын жақсартты
Қазақстан • Бүгін, 11:35
Түркістан облысында 62 жобаны іске қосу көзделуде
Аймақтар • Бүгін, 11:23
«Екібастұздың» бас бапкері орнын босатты
Футбол • Бүгін, 11:23
Дубайда Рамазан айына дейін бірқатар шектеу енгізілді
Әлем • Бүгін, 11:21
«Астана балет» театры гала-концерт өткізеді
Театр • Бүгін, 11:13
Қазақстандықтар жеңілдік сертификаты арқылы 6 мыңға жуық жаңа көлік сатып алды
Қазақстан • Бүгін, 11:09
ММА-ден 2021 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Қазақстан • Бүгін, 11:07
2021 жылы ана мен баланы қолдауға қанша қаржы бөлінеді?
Қазақстан • Бүгін, 11:04
Әлеуметтік кәсіпкерлік «ерекше» адамдар үшін жұмыс орындарын құруға көмектеседі
Қоғам • Бүгін, 11:00
Нұр-Сұлтанда қараусыз қалған желілер мәселесі қалай шешіліп жатыр?
Аймақтар • Бүгін, 10:48
Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Теңгенің әлсіреуіне не әсер етті?
Қаржы • Бүгін, 10:33
2025 жылға дейін 11 мың шақырым автомобиль жолын ақылы ету жоспарлануда
Қазақстан • Бүгін, 10:22
Шетелден анықтамасыз келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
Коронавирус • Бүгін, 10:20
«Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Төлеген Байғұлов өмірден өтті
Қазақстан • Бүгін, 10:18
Ұстаздар үйіндегі қайырымдылық
Аймақтар • Бүгін, 10:15
3 миллион қазақстандық медициналық сақтандырудан неліктен тыс қалды?
Медицина • Бүгін, 10:14
«COVID - 19-сыз саяхаттаймын» мобилді қосымшасы қандай көмек береді?
Қоғам • Бүгін, 10:10
Шымкенттегі «Аzala Тextile» - Қазақстандағы көшбасшы кәсіпорындар қатарында
Экономика • Бүгін, 10:10
Мемлекет басшысы елді дамытуға үлесін қосқан әйелдерге бейнеүндеу жолдады
Президент • Бүгін, 10:09
Нұр-Сұлтанда АХАТ органдарының 100 жылдығы аталып өтті
Аймақтар • Бүгін, 09:59
Түркістан облысында 16 заңсыз құрылыс нысаны сүрілген
Аймақтар • Бүгін, 09:57
Полиция алаяқтардан сақтануды ескертті
Қоғам • Бүгін, 09:48
Алматылық сақшылардың жеңілдікпен пәтер алуға мүмкіндігі бар
Қоғам • Бүгін, 09:37
Қоғам • Бүгін, 09:26
Шымкентте үкіметтік емес ұйымдар әлеуметтік қызмет көрсетуде белсенділік танытуда
Аймақтар • Бүгін, 09:19
Атырауда 27 жастағы жігіт бірнеше жерге есірткі жасырған
Қоғам • Бүгін, 09:12
Өңірлерге сұйытылған газ жеткізу жоспары қайта жасақталды
Аймақтар • Бүгін, 09:10
Лисаков қаласында теннис орталығы пайдалануға беріледі
Аймақтар • Бүгін, 09:08
Төрт күнде тұрмысы қолайсыз 400-ден астам отбасы тексерілді
Аймақтар • Бүгін, 09:07
Ұқсас жаңалықтар