Қоғам • 22 Қаңтар, 2021

Петропавлда анасы 3 жасар қызын ұрып, жансақтау бөлімінен бірақ шығарды

2186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавл қаласында 22 жастағы қала тұрғыны бүлдіршінін аяусыз сабап тастады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Петропавлда анасы 3 жасар қызын ұрып, жансақтау бөлімінен бірақ шығарды

Келіншек баласын есінен танғанша ұрып, артынан өзі жедел жәрдем шақыртқан. Денесінің сау жері қалмаған қаршадай қыз қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Анасының не себепті мұндай әрекетке барғаны әзірге белгісіз. Алдымен ол үш жасар баласын кереуетінен құлатып, есінен танып қалғанда ғана жедел жәрдем шақыртқан. Қазір зәбір көрген қыздың жағдайы ауыр, жан сақтау бөлімінде жатыр. Баланың мүшкіл халін көрген дәрігерлер бірден полицияға хабарлаған. 

«ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс шеңберінде тергеу әрекеттері жүргізіліп, қажетті бірқатар сараптамалар тағайындалды. Қазір 22 жастағы қала тұрғыны Петропавл қаласындағы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды», деді облыстық ПД басқарма басшысының орынбасары Азат Құсайынов.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше