Атап айтқанда заңды тұлғаларға 134,1 млн теңгеге 406 хаттама және жеке тұлғаларға 199 млн теңгеге 4776 хаттама бетперде режимін бұзғаны үшін жасалды.Атап айтқанда заңды тұлғаларға 134,1 млн теңгеге 406 хаттама және жеке тұлғаларға 199 млн теңгеге 4776 хаттама бетперде режимін бұзғаны үшін жасалды. Сотқа карантин талаптарын қасақана бұзушылар бойынша материалдар да жолданған.
Ағымдағы жылдың басынан бастап 1-19 қаңтар аралығында 225 іс-шара өткізілді, 1755 нысан тексерумен қамтылды, 74 нысанда карантиндік шаралардың бұзылуы анықталды. Жалпы сомасы 10 млн теңгеге 85 хаттама толтырылған.
Шектеу шаралары мен санитарлық ережелерді жүйелі түрде (2-3 рет) және қасақана бұзу фактілері анықталған жағдайда материалдар ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша құқық бұзушыларды кейіннен сотқа тарту және сотқа беру үшін іс қозғау үшін аумақтық прокурорларға беріледі. Заңнамаға сәйкес, құқық бұзушыларға ұйымның қызметін тоқтатуға дейін жауапкершілігі қарастырылған.
Алматы қаласының соты 18 кәсіпкерлік субъектісінің қызметін 1, 3 айға тоқтата отырып, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салу туралы қаулы қабылдады:
1. “Небо” бары, «Global Food and Beverage Service» ЖШС, Медеу ауданы, Достық 192/2;
2. “Мята” лоундж бары, «Алматинец» ЖШС, Әуезов ауданы,12 ш/а, 24-үй;
3. "HookanDreems" кафе бары, «Suddenly» ЖШС, Медеу ауданы, Қайырбеков к, 35 а;
4. «Оранжери» рестобары, «Оражери Group» ЖШС, Медеу ауданы Самал-1 ш/а, 4-үй;
5. Караоке клуб, Бисенова Л.Х. ЖК, Алмалы ауданы,Мұқанов к,130;
6. "ASM group (АСМ групп)" ЖШС, Алмалы ауданы, Абай д, 89А;
7. "Финик" мейрамханасы, «ЧайLA» ЖШС, Желтоқсан 148;
8. «Асжан» Таласбеков Ж.А. ЖК, Алмалы ауданы, Жамбыл к, 129;
9. "Прованс" дәмханасы, ДиСи Гарибян ЖК, Түрксіб ауданы Ақан серы к,33;
10. "Атлантис" бильярд клубы Бижанов Р.М ЖК, Түрксіб ауданы Наманганская к,35;
11. "Раяна" мейрамханасы, Илахунов ЖК, Түрксіб ауданы Нұршашкан ш/а, Тайбағар к.1;
12. Шашлычный двор-кафе, Юсупова Э.Н. ЖК Алматы қ. Шемякин к, 274;
13. "Алмалы" мейрамханасы, жеке тұлға Сағынбеков Б., Әуезов ауданы, . Ақсай-1А ш/а, 11/2-үй;
14. «Пластэйшен GO» компьютерлік клубы жеке тұлға Дүйсен А.Ж. Алматы қ. Әуезов ауданы Ақсай-1 ш/а, 11/7- үй;
15. «Барибер» ЖШС шатырдағы мейрамхана Алматы қ. Темирязев к, 42 корпус 16
16. «Жарык Трейд» ЖШС, «Тау жолы» дәмханасы, Тастыбұлақ ш/а, Досмұхамедов к, 3
17. "Премьера" дәмханасы Аллахвердиев Рамиз Иса Оглы ЖК, Жуалы 129
18. Абильэмид Ф. ЖК , «Парваз» дәмханасы, Құрылысшы ш/а, Жусанды к, 7
"Алматы әкімдігі мегаполис тұрғындары мен қонақтарын бетперде режимін және әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтауға, жеке гигиена шараларын сақтауға шақырады. Кәсіпкерлік субъектілері пандемия кезеңінде қауіпсіздік шараларының талаптарын мүлтіксіз сақтауы қажет – бұл қызметкерлер мен келушілердің термометриясы, әлеуметтік қашықтық пен бетперде режимін сақтауды, жеке қорғаныс құралдарының (бетперделер, қолғаптар) ауысуын, санитайзерлердің және дезинфекциялау құралдарының қорының болуын, үй-жайлардың желдетілуін қамтамасыз ету. Жоғарыда аталған талаптардың бұзылуы ұйым қызметкерлері арасында сырқаттанушылыққа және кәсіпорындардың жұмысын тоқтатуға әкеп соғады", деді әкімдіктің баспасөз қызметі.