Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 23 қаңтарда сағат 18:34-те Атырау қаласында болған.
«Авангард-2» шағын ауданында орналасқан №18 үйдің пәтерінің бірінде тұрмыстық газ жарылды. Алдын ала болжам бойынша газ желісінде ақау болған. Екінші қабаттағы көршілес екі пәтердің арасындағы қабырға құлады. Газ жарылысынан 3 адам зардап шегіп, облыстық ауруханаға жеткізілді» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Ауруханаға түскен 3 адамға медициналық көмек көрсетілді. Кейін оның екеуі үйіне жіберілді. Ал оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыс істеді. Жарылыстың себебі анықталып жатыр.