Қоғам • 24 Қаңтар, 2021

Қазақстанда 2020 жылы ұрлық саны 2 есе азайды

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұялы телефондар ұрлығы 51 %-ға, пәтер ұрлығы 63 %-ға азайды. Сондай-ақ, қызметкерлердің жедел жұмысы мен ІІМ заң шығару бастамаларының арқасында мал ұрлығы деңгейін 40 %-ға төмендетуге қол жеткізілді. Осылайша, ел басшылығы ІІМ алдына қойған маңызды міндеттердің бірі орындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда 2020 жылы ұрлық саны 2 есе азайды

Сондай-ақ елдің бас полицейі 2021-2023 жылдарға арналған мүлікті қорғау бағдарламасын бекіткенін айтты. Ол азаматтардың тұрғын үйі мен мүлкін қорғауға жеке күзет құрылымдарын белсенді тартуды, “көршілер бақылауын” енгізуді, жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеу үшін мүлікті сақтандыруды, сондай-ақ сигнал беру жүйелерін пайдалануды көздейді.

- Ұрлық қылмыстың ең көп таралған түрі болып қала береді, сондықтан полиция бұл бағытта белсенді жұмысын жалғастырады, – деді министр.