Аймақтар • 25 Қаңтар, 2021

Садақ туралы сабақ

424 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жезқазғандағы тарихи-археологиялық музейде бапкер Мейірімхан Ерәлиев садақ атудан шеберлік сыныбын өткізді. «Бес қару» деп аталған бұл дәріске жас өлкентанушылар ғана емес, мұражай қызметкерлері де қатты қызығушылық танытты.

Садақ туралы сабақ

Тағылымды іс-шараның атал­ған музей қабырғасында өтуі тегін емес еді. Мұнда Ор­та­лық Қазақстанда жүр­гізіл­ген археологиялық қазба кезінде табылған жебелердің ұш­тары көптеп сақталған. Бапкер Мейірімхан Ералиев осы жәді­­герлерді мысалға кел­тіре оты­рып, балаларға садақ ату өне­рінің тарихы туралы қыз­ғы­лықты әңгі­мелер айтып берді.

Жалпы Мейірімхан Ералиев өс­келең ұрпақ өкілдерін садақ ату өне­ріне тегін баулып жүр. Оның пікі­рінше, алдағы уақытта қалада са­дақ ату спорты міндетті түрде дамиды екен. «Өйткені, – дейді бапкер, – Жез­қазғанда спорттың осы тү­ріне деген жас­тар арасындағы қы­зығушылық өте зор. Олардың ішінде таланттылары да бар­шы­лық. Тіпті, үлкендердің өзі келіп, үйретуге қолқа салып жатады».

Коронавирус инфекциясына бай­ланысты қазіргі уа­қыт­та садақ ату үйірмесіне ке­лу­шілердің саны біршама ке­міген. Әйтсе де, көрші Сәтбаев қала­сынан бір­неше ата-ана келіп, бала­ларын үйірмеге әке­луге ниет білдіріпті. Ал Мейірім­хан Ера­лиевтің өзі маңай­дағы ауыл­дарға шығып, он­­дағы бала­ларға садақ ату өнерінің әліпбиін үйретіп жүр.

 

Қарағанды облысы,

Жезқазған қаласы