Әдебиет • 25 Қаңтар, 2021

Жыр бәйгесі мәресіне жетті

350 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Осыдан бір ай бұрын Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Көңілде алаң басылса…» атты ақындар мү­шәй­расын жариялаған болатын. Күні кеше жыр дода­сының жеңімпаздары анықталып, марапаттау рәсімі өтті.

Жыр бәйгесі мәресіне жетті

Жас қаламгерлердің шығарма­ларын бағалап, сараптаған қазы­лар алқасының құрамында ақын­дар Оңайгүл Тұржан, Жанат Әс­кер­бек­қызы, филиал директоры Дәулеткерей Кәпұлы болды. Елуге тарта ақын сынға түскен жыр са­йысын­да бас жүлдені Біржан Ахмер еншіледі. Бірінші орынға Айзада Рахымжанова ие болса, екінші орын Ерлан Аманқожаға бұйырды. Ал үшінші дәрежелі дипломға Айдана Сегізбаева, Әли Бекмұханбет, ынталандыру сыйлығына Алпамыс Файзолла, Ауғанбай Санақұлы, Ерасыл Сәдуақас лайық деп табылды. Жарқырай көрінген жүлделі өлеңдерді елордалық театр актерлері оқып, көрермен назарына ұсынады. Сондай-ақ басқосу барысында қаладағы ақын-жазушыларға Әзербайжан елшісі Р.Маммадовтың алғыс хаты, республикалық «Samuryq» әдеби-мәдени журналы табысталды.

Сонымен қатар әдеби басқосу аясында елордалық бөлімше дирек­торы Дәулеткерей Кәпұлы жастар шығармашылығы жөніндегі орынбасарын таныстырды. Бұл орынға «Дарын» Мемлекеттік жастар сый­лығының иегері, ақын Олжас Қасым тағайындалды.

Бүгінде бас қалада жас ақын-жазушылар қатары көбейіп, әдеби орта қалыптасып келеді. Жаңа буын да ортақ ой алмасып, шығармашылық байланыс орнататын бірден-бір жер – филиалдың «Жазушылар үйі». Сол се­бепті жастармен жұмыс жанданып, ір­гелі бастамалар жалғасын табуға тиіс.

Филиалдың мұрындық болуымен осыған дейін Еуразия астаналары қаламгерлері форумынан бастап, түрлі мәдени іс-шаралар өткізіліп келеді. Бөлімшенің ұйытқы болуымен жастарға серпін беретін байқаулар да жиі ұйымдастырылатыны мәлім.

 

Соңғы жаңалықтар