Пікір • 25 Қаңтар, 2021

Кедергілерді жою – келелі мәселе

382 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ төрағалығын қабылдауына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттердің басшыларына жолдаған Үндеуінде бірқатар маңызды ұстанымдарға тоқталды.

Кедергілерді жою – келелі мәселе

Атап айтар болсақ, Мем­лекет басшы­сы кедергілерді жою мәселесін назарға алды. Бұл сұрақ жалпы, одақ құ­рылған кезден бас­­тап өзекті­лігін жоғалтпаған еді. Ондай бөге­­с­індер легитимді емес те­жеуіш санала­ды. Қандай да бір үрдіске кедергі кел­тірері сөзсіз. Соған қарамастан, бұл мәселе қайта-қайта туындап отыр. Сондық­тан кедергілерді жоюға баса мән беру Қазақ­станның да мүддесіне сай келеді.

Президент Үндеуінде бәрі­нен бұрын одаққа мүше елдер­дің өндірістік кооперациясы алдыңғы орынға шығарылған. Бұл Қазақстан ЕАЭО-дан тиімділік күтетінін көрсетеді. Өндіріс саласында тығыз байланыс пен серіктестікті қам­та­масыз ету – Қазақстан үшін эконо­ми­ка­ның қайта өндеу саласын, жоғары тех­нологиялық өндірістерді дамыту жолында өте маңызды. 

Сонымен қатар одаққа мүше елдердің көлік-логистикалық әлеуетін одан әрі дамыту қа­жет­тігі де аталып өтті. Қазіргі таң­да Қытай сынды әлемнің ірі фабрикасы өнімінің көп бөлігі жөнелтілетін Еуропа үшін Қазақ­стан мен Ресей негізгі магис­тралды жол болып саналады. Осы орайда транзиттік ағын­ды реттеу маңызға ие.

Президент өз Үндеуінде осындай өзекті мә­се­лелерді жол­ға қою үшін ЕАЭО-ның бар мүмкіндігін қолдану керек­тігін атап көрсетті. Сонымен бір­ге атал­ған одақтың басқа да аймақтық, Еуро­па одағы сияқты халықаралық ұйым­­дар­мен серіктестігін дамытудың маңыз­дылығына тоқталды. Бұл – әуелден ай­тылып келе жат­қан ұсыныс. Кең ауқым­ды ин­теграцияның жолға қойылуына 2013 жылдан бері саяси ке­дер­гілер бөгесін болғаны белгілі. Қа­зақстанның төр­ағалығы ар­қы­лы осы маңызды мәселе оң ше­ші­мін табады деген сенім бар.

 

Вячеслав ДОДОНОВ,

Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері, экономика ғылымдарының докторы

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше