15 Желтоқсан, 2013

Қуанышқа қосылған қуаныш

302 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Президенті Тәуелсіздіктің 22 жылдығы қарсаңында еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени саласына еңбегі сіңген, ұлттар арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайтуға үлес қосқан бір топ азаматтарды ордендер және медальдармен марапаттады.  Кеше Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов Мемлекет басшысы атынан марапатталған елордалықтарды құттықтап, наградаларын табыс етті. 

Қазақстан Республикасының Президенті Тәуелсіздіктің 22 жылдығы қарсаңында еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени саласына еңбегі сіңген, ұлттар арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайтуға үлес қосқан бір топ азаматтарды ордендер және медальдармен марапаттады.  Кеше Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов Мемлекет басшысы атынан марапатталған елордалықтарды құттықтап, наградаларын табыс етті. 

Астана қаласы ішкі істер департаментінің басшысы Амантай Әубәкіров ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталды. «Парасат» ордені белгілі жазушы Төлен Әбдікке, Астана қаласы денсаулық сақтау саласының ардагері Қаршыға Құлмұқановқа және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Қойшығара Салғараұлына берілді. ІІ дәрежелі «Достық» орденін «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығы төрағасының орынбасары Рафаиль Аблаков еншіледі. «Құрмет» ордені «Калык Транс» ЖШС бас директоры Тайжан Айқымбековке, «Бейбітшілік және келісім сарайы» МКҚК бас директоры Дильбар Амироваға, «Елордалық бокс федерациясы» ҚБ вице-президенті Дәурен Башиковқа, «Елорда асханасы» ЖШС директоры Жанат Бекболатоваға, «Бекзат» фирмасы» ЖШС директоры Есенжол Бекішевке, «Астана» корпоративтік қорының директоры Гүлнәр Данбаеваға, Астана қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Юсуп Келиговке, жазушылар Мырзагелді Кемел мен Кажығали Мұханбетқалиұлына, «Agua-rest» ЖШС коммерциялық директоры Александр Кимге,  «Бахус Астана» ЖШС директоры Алмаз Кимге, «Казахдорстрой» ЖШС басқарма төрағасы Талғат Қожахметовке, «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ бөлім басшысы Болат Көпеновке, Астана қаласы Құрылыс басқармасының басшысы Владимир Лютовке, «КазАртБронза» ЖШС бас суретшісі Мұрат Мансұровқа, Астана қаласы Жер қатынастары басқармасының басшысы Төлеуғазы Нұркеновке, «Тансу» корпорациясының вице-президенті Бауыржан Нұрпейісовке, Астана қалалық мәслихаты аппаратының басшысы  Вера Пытьеваға, «Rostra Group» ЖШС директоры Александр Рингке, «АстанаСервис­Строй­Монтаж-01» бас директоры Ерік Смағұловқа, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Марат Сырлыбаевқа,  «Гранд Отау» ЖШС директоры Тілеужан Тәкібаевқа, «Алтын Орда» ЖШС директоры Ырза Тұрсынзадаға, «UMA group» ЖШС директоры Елена Усоваға табысталды. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен «Елорда-Жарнама» ЖШС бас директорының орынбасары Жанар Әбішева, «Астананың шаруашылық басқармасы» ЖШС бас менеджері Юлия Әділбекова, №32 мектеп-гимназияның директоры Виктор Гродер, Эко­номика және бюджеттік жос­парлау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Жүсіпова, «Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ санитары Күлшат Достанова, Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің мұғалімі Рабиға Иманқұлова, «Ас­тана-Теплотранзит» АҚ­ қызмет басшысы Рауза Кә­ке­нова, Есіл ауданы әкімінің орынбасары Гүлнәр Қасенова, «Бәйтерек» халықаралық медиа-орталық» ЖШС директоры Жанар Колбачаева, № 70 мектеп-лицейдің мұғалімі Меруерт Қуатбекова, «№1 автобус паркі» АҚ жүргізушісі Қанат Құлтаев, «Астанақұрылыссервис» ЖШС директоры Жұмағали Құсайынов, «Астана-Теплотранзит» АҚ электрдәнекерлеушісі Юрий Сахаров, «Казахавтодор» РМК аға шебері Вячеслав Шевченко «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

«Шапағат» медалін №8 қалалық емхананың дәрігері  Ләззат Шайдимова алды.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын «Таңдау» мекемесінің директоры Қарлығаш Әжиева, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының әртістері Болат Ыбыраев пен Ерлан Малаев, «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі Нұртілеу Иманғалиев иеленді, деп хабарлады Астана қаласының әкімі аппаратының баспасөз қызметі. 

Соңғы жаңалықтар