15 Желтоқсан, 2013

Мәжілістегі марапат

250 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекетіміздің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күні қарсаңында Мәжілісте мемлекеттік марапаттарды тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.   

Мемлекетіміздің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күні қарсаңында Мәжілісте мемлекеттік марапаттарды тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.   

Елбасының Жарлығында атап көрсетілгендей, мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбектері үшін, әлеуметтік-экономикалық саланы,  руханиятты  дамытуға, халықтар арасындағы достық пен бірлікті нығайтуға қосқан үлестері үшін: II дәрежелі «Барыс» орденімен Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева,  «Парасат» орденімен  Ерсұлтан Бектұрғанов, Мейрам Пішембаев және Мұхтар Тінікеев,  сонымен бірге, «Құрмет» орденімен Мәжілістің аударма және редакциялау бөлімінің жетекшісі Дәуітәлі Омашұлы марапатталды. 

Ал «Ерен еңбегі үшін» медаліне Галина Баймаханова, Түлеш Кенжин, Зухра Саяпова, Алмас Тортаев және аппарат қызметкерлері Хулимат Әубәкірова мен Балхия Дәулетов ие болды. 

Сондай-ақ, Мәжілістің бірқатар үздік қызметкерлері Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен атап өтілді.   

Мемлекеттік марапаттарды тапсыру рәсімі барысында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің атап өткеніндей, еліміздің осы күнге дейін жеткен жетістіктері, ең алдымен,  Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен және ерен еңбегімен байланысты.  Сондай-ақ, Президенттің Қазақстандағы парламентаризмді қалыптастыру мен дамыту жолындағы рөлі де өте зор.

– Бүгінгі күні көппартиялы Парламенттің жұмысы, ең алдымен, Елбасы стратегиясын табысты орындау үшін заңнамалық қамтамасыз етуге бағытталған, – деді Нұрлан Нығматулин.

Жиналғандар Елбасына алғыс-тілектерін арнап, Қазақстанның Тәуелсіздігін тұғырлы ету жолында аянбай еңбек ете беретіндерін жеткізді.  

Соңғы жаңалықтар