Аймақтар • 25 Қаңтар, 2021

Білім беру саласы толығымен цифрландырылды

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласындағы білім саласында 32 мемлекеттік көрсетілетін қызмет белгіленген. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аталған қызметтер толығымен автоматтандырылған.

Білім беру саласы толығымен цифрландырылды

Одан бөлек, педагогтарды жұмысқа қабылдау «HR-Рrocess» электронды қызметтер жүйесі арқылы автоматтандырылды. Нәтижесінде, 720 бос орындар жарияланып, қабылданған 408 педагогтың 121-і үздік дипломмен, 125-і магистр, 17-і шет елдерде білім алған сапалы кадрлар іріктелді.

Сонымен қатар, білім ұйымдарының бірінші басшылары «Адалдық алаңы» жобасы аясында 100% кабинеттерін оқу кабинеттеріне тапсырып, ата-аналар мен мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында «Open Space» ашық бөлмелерге көшті.

Жоғарыда аталған жобаларды автоматтандыру нәтижесінде азаматтардың өтініштерінің саны 254-ке азайды (2019 жылы - 434, 2020 жылы-180).