Қазақстан • 25 Қаңтар, 2021

Дубайдан келген 4 жолаушыдан коронавирус табылды

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24 қаңтарда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Латвия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, РФ және Қырғызстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді.

Дубайдан келген 4 жолаушыдан коронавирус табылды

2 581 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 886 адам, анықтамасыз 695 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 109 жолаушы, анықтамамен - 748; анықтамасыз – 361;
Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс, 1 472 жолаушы, анықтамамен - 1 138, анықтамасыз – 334.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

23 қаңтарда анықтамасыз келген 345 ҚР азаматтарының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша Дубай-Алматы рейсімен келген 4 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.