Аймақтар • 26 Қаңтар, 2021

Мониторингтік топтар 100-ден астам нысанды тексерді

172 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елорданың мониторингтік топтары тұрақты түрде барлар мен мейрамханаларға рейд жүргізеді. Мекеме қызметкерлері тиісті нұсқауларды орындамауымен және сағат 20.00-ден кейін клиент қабылдауымен көзге түсіп жатады. Мұндай жағдайда мекеме иелеріне айыппұл салынады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Мониторингтік топтар 100-ден астам нысанды тексерді

Мынадай тәртіп жиі әрі өрескел бұзылып жатады: бұқаралық іс-шаралар өткізу, жұмыс режимін және келушілердің белгіленген санын сақтамау, ойын-сауық орындарының жұмысына тыйым салуды елемеу, сондай-ақ қоғамдық мекемелер қызметкерлерінің маска режимін сақтамауы.

Елордалық кафелердің бірінде мониторингтік топтың пайда болуы оның иелері мен келушілерінің көңіліне кірбің түсірері анық. Сағат 21:20. Келушілер әлі тарқамаған жайттар мына мекемелерде анықталды: "Уголь" клубы, "Той" кафесі, "Нирванна", "Easy", "Brewery" барлары, "Счастье" мейрамханасы.

Елорданың бас санитарлық дәрігері кешкі сағат 20.00-ден кейін барлар мен мейрамханаларда көңіл көтеруге қатаң тыйым салды. Тәртіп бұзушыларға айыппұл салынады. Бизнесмендерге 600 мың теңгеден астам, ал қонақтардың 87 000 теңгеден астам айыппұл төлеуіне тура келеді.

Айта кету керек, карантин режимін қасақана бұзушыларға қатысты материалдар сотқа жіберіледі.
Мәселен, шектеу шараларын бұзғаны және нұсқамаларды орындамағаны үшін бірнеше рет жауапқа тартылған 24 кәсіпкерлік субъектісіне қатысты елорданың әкімшілік сотына 30 материал жіберілді. Олар "SOVA" караоке-бары, "Жаным Сол" караоке-бары, "Alanya" түнгі клубы, «Echo» бары, «ZOLOTO» мейрамханасы, «Сторис» лаундж бары, "Tequila" кафе-бары, «AURA ALANYA» түнгі клубы, «Raspawn» компьютер клубы, "Abba" бары, «Kango» батут орталығы,«Icon» клубы, "GINZA" мейрамхана-караоке, "Hero" ойын клубы, «Рыба моей мечты» лаундж бары, «Сәтті» дүкені, «Графин» кафесі, "Fashion bar" бары, "Qoyan" лаундж-бары, "Alanya" ресторан караоке, «Cabera» ресто-бары, "Табыс" дүкені, "Экипаж" ресто-бары.

Сот барлығы 11 қоғамдық мекеменің қызметін тоқтатты. Қызметін тоқтату туралы сот шешімі орындалмаған жағдайда ШОБ объектілерінің басшыларына әкімшілік қамауға алу шаралары қолданылатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта елорда коронавирустық инфекцияның таралу қарқыны бойынша "қызыл" аймаққа орналасқан. Бұған дейін елорданың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенованың қаулысы күшіне енді, оған сәйкес тұрғындар арасында КВИ ауруларының өсуіне байланысты қоғамдық тамақтану объектілері шектеу шараларын қатаң сақтаған жағдайда ғана жұмыс істеуі тиіс.