Қазақстан • 26 Қаңтар, 2021

Қазақстанда алғаш рет Климат сағаты пайда болды

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласындағы Сәтпаев пен Назарбаев көшелерінің қиылысында Климат сағаты пайда болды. Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі хабарлады.

Қазақстанда алғаш рет Климат сағаты пайда болды

Қазақстанда алғаш рет орнатылған бұл сағат жердің орташа температурасын 1,5°C деңгейінде ұстап тұру мақсатында парниктік газдар үлесін азайту үшін қалған уақытты көрсетеді. Бұл - Климат жөніндегі Париж келісімінің басты мақсаты. Президент Джо Байденның инаугурациядан кейін қол қойған жарлықтарының бірі осы Париж келісіміне қайта оралу жайлы болды.

Бұл жобаны бастаған - FLEX 2020 бағдарламасының жас түлектері Рамиль Акмолин, Ғалия Асқарова, Меруерт Раматуаллаева мен Гүлниза Мұқан.

Олардың айтуынша, Қазақстанның ешбір қаласы климат өзгерісіне ерекше көңіл бөлетін С40 қалалар желісіне қосылмағанын біле салып, олар Climate Clock жаһандық қозғалысына қосылуға бел буыпты.

Нью-Йорк қаласында дәл осындай сағат 2020 жылғы қыркүйегінде пайда болған.