Білім • 26 Қаңтар, 2021

Ұлттық бірыңғай тестілеу электронды форматқа көшіріледі

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин Ұлттық бірыңғай тестілеудің толығымен электронды форматқа көшірілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық бірыңғай тестілеу электронды форматқа көшіріледі

Асқар Маминнің айтуынша, Үкімет бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту бойынша жұмыс істейді. Оны халықаралық тәжірибе негізінде балаларды ерте дамыту жөніндегі ұлттық жоспарға енгізбек.

«Мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделін енгізу және қосымша білім беруді жан басына қаржыландыру арқылы 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамтуды 99 пайызға жеткізуді жоспарлап отырмыз, 400 жаңа балабақша ашылады», деді А. Мамин.

Үкімет басшысының сөзіне сүйенсек, мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында 180 мектеп салу жоспарланған. Ұлттық бірыңғай тестілеу толығымен электронды форматқа көшіріледі.