Қоғам • 26 Қаңтар, 2021

Жер учаскесі онлайн рәсімделеді - Асқар Мамин

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин жер учаскесін беру процесі түбегейлі өзгеретінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Жер учаскесі онлайн рәсімделеді - Асқар Мамин

«Экономиканы сапалы цифрландыру бойынша белсенді жұмыс жалғасады. 2021 жылы талшықты-оптика 2 мыңнан астам ауылда пайда болады. Жер учаскесін беру процесі түбегейлі өзгереді. Жер учаскесін онлайн рәсімдеуге болады. Мемлекеттік қызметтердің 90 пайызы смартфон арқылы қолжетімді болады. 100 пайыз проактивті әлеуметтік төлемге көшу жоспарланып отыр», деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысының айтуынша, елде 100 жаңа ІТ-компания құрылып, 10 мыңнан астам білікті маман дайындалмақ.

«Мәліметтерді өңдеу және сақтау саласындағы инвестиция өсімі 72 млрд теңгені құрайтын болады. Инновациялық жобалар 6 млрд теңгеге гранттық қаржыландыру алады», деді ол.