Президент • 26 Қаңтар, 2021

Президент Үкіметке Қызылорда облысына қолдау көрсетуді тапсырды

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысында мұнай қорының таусылып,  өндіру көлемі азайып бара жатқанына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент Үкіметке Қызылорда облысына қолдау көрсетуді тапсырды

«Қазір Қызылорда облысы күрделі кезеңді бастан кешіп жатыр. Өңірдің негізгі табысы мұнайдан түсетіні белгілі. Бүгінде оның қоры таусылып, өндіру көлемі азайып барады. Соған қарамастан алға жылжуымыз керек», деді Президент.

Оның айтуынша, Қызылорда өңірін қолдау үшін біріншіден, жаңа мұнай-газ кеніштерін барлап, қазіргі кен орындарына зерттеу жүргізу керек. Екіншіден, өңірдің экономикасын әртараптандырған абзал.

«Шағын және орта бизнес пен қызсет көрсету саласын дамыту өте маңызды. Бұл міндеттерді орындауға өңірдің өз шамасы жетпейді. Бюджеті жеткіліксіз. Сондықтан Үкіметке Қызылорда облысына нақты қолдау көрсетуді тапсырамын», деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.