Қоғам • 26 Қаңтар, 2021

Биыл 5,8 мың шақырым жол ақылы болады

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министр Асқар Мамин Үкіметтің кеңейтілген отырысында  көлік әлеуетін жүзеге асыру мақсатында 6 мың шақырым жол салынып, қайта жаңартылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл 5,8 мың шақырым жол ақылы болады

Асқар Маминнің айтуынша, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында көлік инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту және көлік әлеуетін жүзеге асыру мақсатында 6 мың шақырым жол салынып, қайта жаңартылады. Ақы алу жүйесі 5,8 шақырым жолға енгізіледі. Қазақстанның көрші елдермен темір жол легін өткізу қабілетін арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізіледі.

«Қазақстан-Қытай және Қазақстан-Өзбекстан бағыттары бойынша темір жол легін өткізу қабілетін арттыру және «тар орындарды» алып тастау үшін Достық-Мойынты, Мақтарал-Дарбаза және Алматы стансасын айналма учаскелерге арналған темір жолдарды салу және жаңғырту жұмыстары басталады», деді Премьер-Министр Үкіметтің кеңейтілген отырысында.