Экономика • 26 Қаңтар, 2021

Президент шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуді тапсырды

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Үкіметке «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуді тапсырды

«Биыл шағын және орта бизнеске қолдау көрсету ең басты назарда болуға тиіс. Үкіметке «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, бір айдың ішінде осыған қажетті іс-шаралар топтамасын әзірлеуді тапсырамын», деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.