Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әкімі Алтай Көлгіновке бірқатар мәселені кезек күттірмей, жедел шешу керектігін айтып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Мемлекет басшысы ең алдымен бас шаһарды газдандыру мәселесі қалай жүргізіліп жатқанын сұрады.
«Елорданы дамытудағы жалпы амал-әдістердің бағыт-бағдары дұрыс деп есептеймін. Әлбетте, құрылыс жұмыстарына баса мән берген абзал. Үй құрылысы болсын, мектептер мен азаматтарға қатысты инфрақұрылым жайлы да айтарым сол. Себебі елорда өз еліміздегі халыққа да, сырттан келетін азаматтарға да тартымды қала болуы керек. Инвестициялардың маңызы зор, сол себепті бұл мәселеге баса назар аударып отырғандарыңыз дұрыс. Мен инженерлік инфрақұрылымды салу жағынан Үкімет пен қала әкімдігінің жұмысын қолдаймын. Біз бұған дейін елорданың өзін сала бердік те, астындағы инфрақұрылымын ұмыт қалдырғанбыз. Ал инженерлік, коммуналдық инфрақұрылымсыз қала күндердің күні «тұншығып», бір күні үлкен мәселемен бетпе-бет келуіміз мүмкін», деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев сонымен қатар қаланы газдандыру мәселесіне жеке тоқталды.
«Елорданы газдандыру жұмысын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі тікелей тапсырған еді. Қазір бірақ азаматтардың үйлерін газға қосу қарқынын сақтау керек. Жеке үйлердің газға қосылуы жағынан мәселесі барын естіп жатырмыз. Себебі олар үшін газға қосылу бағасы жылына 500-700 мың теңгеге дейін барады екен. Бұл өте қымбат сома секілді. Бұл мәселені қалай шешесіздер?», деп сұрады Президент.
Бұл сұраққа жауап берген Нұр-Сұлтан қаласының әкімі тұрғындар тарапынан газдың бағасына деген келіспеушілігі болғанын мойындады.
«Біз мердігерлерден бағаны төмендетуді сұрадық. Мәселен мердігерлер бұрын газға қосу үшін ғана 240 мың теңге сұрайтын. Қазір бұл қызметті 150 мың теңгеге дейін азайттық. Олар келісті. Тұрғындар оған қуанып жатыр. Газдандыру қарқынын азайтпаймыз. Бәрі жоспарда», деді Алтай Көлгінов.
Маймылшешек ауруы тарала бастады
Әлем • Бүгін, 21:10
Өзен-көлдердегі бөгеттер жойылды
Әлем • Бүгін, 21:09
Жаһандық жылынудың салдары ауыр
Экология • Бүгін, 21:07
Қонаев қаласында өткен кездесулер
Аймақтар • Бүгін, 21:04
Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан: Саясаттану ғылымының алдында ауқымды міндеттер тұр
Қазақстан • Бүгін, 20:57
ТМД елдерін күш біріктіруге шақырды
Қазақстан • Бүгін, 20:56
Үкімет • Бүгін, 20:54
Спорт • Бүгін, 20:53
Жеңілдетілген автонесие: Алғашқы көлік берілді
Қоғам • Бүгін, 20:50
Жастар қалауы – жарқын келешек
Референдум-2022 • Бүгін, 20:48
Жер телімін алуға жеңілдік баспана мәселесіне басалқы болар еді
Қоғам • Бүгін, 20:47
Референдумды қолдауға үндеу жасады
Референдум-2022 • Бүгін, 20:45
Референдум-2022 • Бүгін, 20:43
Аймақтар • Бүгін, 20:41
Жетісу жолдары қашан жақсарады?
Қоғам • Бүгін, 20:40
Ulttyq ónim – отандық өндірушілерге ортақ алаң
Қазақстан • Бүгін, 20:38
Экожүйе инвестициялық климатты жақсартады
Бизнес • Бүгін, 20:36
Бизнеске қысым көрсетуді доғару қажет
Бизнес • Бүгін, 20:35
Пікір • Бүгін, 20:33
Ел назарында – «Екінші Республика»
Қазақстан • Бүгін, 20:32
Зұлмат жылдар жаңғырығы – «Ақ боз үй»
Кино • Бүгін, 20:29
Спорт • Бүгін, 20:26
Қазақстандық теннисшілер халықаралық жарыстарда жеңіске жетті
Теннис • Бүгін, 20:24
Тарих • Бүгін, 20:23
Еліміздегі әскери оқу орындарында даярлық бағдарламалары қайта қаралады
Қазақстан • Бүгін, 19:44
Су ресурстарын басқарудың жеке мемлекеттік органы құрылмайды
Үкімет • Бүгін, 19:26
Талдықорған-Үшарал жолын су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 18:49
Үндістанның Ассам штатында су тасқынынан 18 адам көз жұмды
Әлем • Бүгін, 18:32
ШҚО-да егіс алқабы 14,6 мың гектарға артты
Аймақтар • Бүгін, 17:50
Елімізде «Дебют» шығармашылық бірлестігі қайта құрылады
Өнер • Бүгін, 17:30
Оралда бағанға соғылған Toyota жүргізушісінің халі ауыр
Оқиға • Бүгін, 16:45
Бүгін Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан мен Германия ойнайды
Хоккей • Бүгін, 16:25
Алматы облысында екі жасар сәби суға батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 15:45
Ауыл шаруашылығы министрлігі жайылым жерлерін бөлудің жаңа тетігін әзірлеуде
Қоғам • Бүгін, 15:27
Оқушылар антисептик шашатын робот ойлап тапты
Білім • Бүгін, 14:47
Елімізде КВИ-ге қарсы вакцина алғандар саны өсті
Коронавирус • Бүгін, 14:30
Қырғыз-өзбек шекарасында жүк көлігі 8 адамды қағып кетті
Әлем • Бүгін, 13:45
Автобуста оқушы қызға тиіскен күдікті 10 тәулікке қамалды
Оқиға • Бүгін, 13:25
Жан Кособуцкий WBC титулы үшін жекпе-жекте жеңіске жетті
Бокс • Бүгін, 12:45
Оралда жол апатынан 20 жастағы қыз көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 12:29
Ұқсас жаңалықтар