Президент • 26 Қаңтар, 2021

Үкіметке жыл соңына дейін пайдаланылмай жатқан жайылымдар қайтарылуы тиіс

458 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жыл соңына дейін пайдаланылмай жатқан жайылымдарды қайтаруды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz

Үкіметке жыл соңына дейін пайдаланылмай жатқан жайылымдар қайтарылуы тиіс

«Жайылымдар мәселесіне арнайы тоқталғым келеді. Бұл жерлер ең алдымен ауыл тұрғындарына қолжетімді болуы керек. Жергілікті әкімдіктер жұмысты дұрыс ұйымдастырмай жатыр. Соның салдарынан ауыл тұрғындары мал жаятын жайылым таппай қиналуда. Әсіресе Алматы, Түркістан облыстарынан арыз-шағымдар көп түсуде. Жайылымдардың 99 пайызы шаруа қожалықтардың иелігінде. Алайда оның 36 пайызында ғана мал жайылады. Қалған 46 млн гектар жайылым жер бос жатыр. Үкіметке Бас прокуратурамен бірлесіп, биылғы жылдың соңына дейін осындай жайылымдарды қайтаруды тапсырамын», деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтуде. Онлайн форматтағы жиында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындылары мен алдағы жоспары талқыланып жатыр.