Президент • 26 Қаңтар, 2021

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстандық вакцинаны салдырамын

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны салдыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстандық вакцинаны салдырамын

«Оны сапалы өткізу үшін барлық жағдайды жасау керек. Вакциналау бойынша науқан ұйымдастырылған тәртіпте өтуі керек. Үкіметке әкімдермен бірлесе толыққанды дайындықты қамтамасыз етіп, 1 ақпаннан жаппай вакциналауға кірісуге тапсырамын», деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент отандық вакцинаны тестілеудің оңтайлы нәтижесіне сенім артатынын тілге тиек етті.

«Осы жағдайда ол жақсы нәтижелер көрсетсе, мен дәл осы қазақстандық вакцинаны салдырамын», деді Президент.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше