Қоғам • 26 Қаңтар, 2021

Министрлік волонтерларға төтенше жағдай кезіндегі алғашқы дағдыларды үйретеді

239 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрлігі мен «Ұлттық волонтерлік желісі» заңды тұлғалар бірлестігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою жөніндегі бірлескен жұмысты одан әрі жалғастыруға оң әсер етпек.  Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрлік волонтерларға төтенше жағдай кезіндегі алғашқы дағдыларды үйретеді

ТЖ министрлігі Халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, білімді насихаттау, оқыту қағидаларына «Волонтерлік ұйымдардың (топтардың) басшылары мен үйлестірушілері» қосымша санатын енгізді. Оқыту  2 жылда 1 рет өткізілетін болады. Оқыту осы жылы басталды.

Іс-шара барысында Ұлттық волонтерлік желісіның директоры Татьяна Миронюк табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ туындаған кезде халыққа көмек көрсетуге әзір екендіктерін жеткізді.

Өз  кезегінде ТЖ министрі  Юрий Ильин қажет болған жағдайда халықаралық тәжірибені ескере отырып, азаматтық қорғау саласындағы заңнамалық актілерге өзгерістер енгізуге дайын екендігін атап өтті.

Төтенше жағдайлар министрлігі үкіметтік емес және волонтерлік ұйымдармен тығыз қарым-қатыныста жұмыс жүргізуде.

Бірлескен жұмыстардың шеңберінде төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою, іздестіру іс-шаралары мен зардап шеккендерге алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсету бойынша ауқымды шаралар атқарылды.

Үкіметтік емес және волонтерлік ұйымдар жұмысының тиімділігі Алматы қаласындағы сел ағыны (2015 жыл), Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы тасқын суларды (2016-2020 жылдар) жою кезінде байқалды.

Зардап шеккен елді мекендерде волонтерлер өзендер мен арықтарды тазарту, жылы киім жинау, азық-түлік жеткізу мен тарату, құрылыс материалдарын сатып алу және инженерлік құрылыстар салу бойынша көмек көрсетті.

Халықтың табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар туралы, сондай-ақ ТЖ кезіндегі іс-қимылдар тәртібі жөнінде хабардар болуы үшін белсенді жұмыс жүргізілуде.

Білім беру ұйымдарында волонтерлердің қатысуымен ашық сабақтар мен экскурсиялар өткізіледі. Волнтерлер мектептер мен балабақшаларда өткізілетін оқу-жаттығуларға қатысады.

2020 жылы зілзалалар қауіп-қатерлерін азайту және төтенше жағдайлардың салдарын жою, азаматтарды іздеу, қауіпсіздік шаралары және ТЖ туындаған кезде шұғыл қызметтерді хабарлау мәселелері бойынша 326 оқыту семинар мен дөңгелек үстел өткізілді.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше