Аймақтар • 26 Қаңтар, 2021

Шымкентте «Таза қала» іс-шарасы жалғасуда

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте «Таза қала» іс-шарасы аясында полициямен кері байланыс артуда, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымкентте «Таза қала» іс-шарасы жалғасуда

Шымкент қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметінің қызметкерлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде канализация суын көшеге шығарып қойған азаматтың іс-әрекетіне қатысты жазбаны анықтады. Шымкент қаласы Абай ауданы Тельман бөлімшесі Ербол Спатаев көшесінде тұратын азамат үйінің канализация суын көшеге шығарып қойғаны туралы әлеуметтік желілерге ақпарат жарияланған болатын.

Орын алған жайтқа байланысты Абай ауданы Полиция басқармасының №9 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторы Нурбол Төреқұлов мән-жайды анықтауға кіріскен. Оқиға орнына Абай аудандық әкімшілік қызметкерлері мен Экология басқармасының қызметкерлері шақыртылған.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша тиісті іс-құжаттар жинақталып жатыр. Баршаңызға белгілі, 2021 жыл құқық бұзушылықтардың алдын алу және “жұртқа жақын полиция” қағидатын қамтамасыз ету жылы болып жарияланды. Бұл орайда халықты құқық бұзушылықтардың алдын алу процесіне тартуды көзделген.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше