Тағайындау • 26 Қаңтар, 2021

Атырау облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

467 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымына Қайрат  Нұрлыбаев тағайындалды. Оны облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов жергілікті активке таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырау облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Қайрат Есқабылұлы Нұрлыбаев 1973 жылы 2 мамырда  Атырау облысы, Қызылқоға ауданының Мұқыр ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын инженер-механик, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1995 жылы Ақтөбе облысының Қобда аудандық мәслихатында аға референті ретінде бастады. 1996-1997 жылдары Атырау облысы, Қызылқоға ауданындағы «Мұқыр» акционерлік қоғамында жөндеуші-техник болып жұмыс істеген. 1999 жылдан  Мұқыр селолық округі әкімі аппаратының маманы,  Мұқыр селолық округінің әкімі, Қызылқоға аудандық коммуналдық меншік, көріктендіру, құрылыс және тұрғын-үй шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарды.

Одан кейін Құрманғазы ауданының Шортанбай селолық округінің әкімі, Құрманғазы аудандық ішкі саясат, жер қатынастары бөлімдерінің басшысы, сондай-ақ Мақаш селолық округінің әкімі болған. 2008-2012 жылдары Индер ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2012-2019 жылдары аталған аудан әкімінің орынбасары, 2019 жылдың маусым айынан бері облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы лауазымын атқарып келді.  

«Қайрат Есқабылұлын білікті басшы, жұмыс тәжірибесі мол азамат ретінде осы лауазымға лайықты деп есептеймін. Оған үлкен сенім артамын» деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.