Аймақтар • 27 Қаңтар, 2021

Петропавлда 57 жастағы тұрғыннан 14,5 кг астам марихуана табылды

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавлда қала маңындағы ауылдардың бірінде 57 жастағы тұрғыннан 14,5 кг астам марихуана табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Петропавлда 57 жастағы тұрғыннан 14,5 кг астам марихуана табылды

СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен қала маңындағы ауылдардың бірінің 57 жастағы тұрғынының есірткі қылмыстарына қатыстылығы туралы жедел ақпарат келіп түсті. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған ақпарат расталды: ер адам Астана және Бөкетов көшелерінің қиылысында ұсталды.

Қызметтік-іздестіру иттерін пайдаланып, Volkswagen автомашинасының салонында скотчпен оралған үш полиэтилен пакет салынған қапты анықтады. Ішінде өсімдік тектес ерекше иісі бар зат болды. Сот-химиялық сараптаманың актісі алынған заттың салмағы 14 кг 540 грамм кептірілген марихуана екендігін көрсетті.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ұсталған қамауға алынды, тергеу жүргізілуде. Ер адам бұрын бірнеше рет сотты болған: есірткі құралдарының заңсыз айналымы үшін екі рет соттылығы бар. Аса ірі мөлшерде есiрткi құралдарын өткізгені үшін 2008 жылы сотталған.

Бас бостандығынан айыру орнынан 2018 жылы босап шыққан. СҚО-да 2020 жылдың 12 айында заңсыз айналымнан 462 кг астам түрлі есірткі заттары алынды.