Аймақтар • 27 Қаңтар, 2021

Алматы облысының полицейлері алты айдан астам іздеуде жүрген бұзақыны ұстады

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Іздеуде жүрген күдікті Қарасай ауданындағы туыстарының үйінен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысының полицейлері алты айдан астам іздеуде жүрген бұзақыны ұстады

2020 жылдың сәуір айында Рахат ауылдық округінің саяжай кентінің шетінде атыс орын алған. Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігімен (Атыс қаруын, газды қаруды, пышақтарды, кастеттердi және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданып немесе қолдануға тырысып жасалған іс-әрекеттер) қылмыстық іс қозғалды.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы қылмысқа Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының 26 жастағы тұрғынының қатысы бар екені  анықталды, ол қылмыс жасалғаннан кейін бой тасалаған.

2020 жылдың маусым айында жасаған қылмысы үшін оған халықаралық іздеу жарияланды. Судья оған “қамауға алу” түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

2021 жылғы 22 қаңтарда Алматы облысының ПД Криминалдық полиция  басқармасы және Еңбекшіқазақ ауданының ПБ қызметкерлерінің үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында іздеуде жүрген күдікті Қарасай ауданындағы туыстарының үйінен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.