Өнер • 28 Қаңтар, 2021

Шарықтаған қиял жемісі

1706 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күнделікті ортада өмір сүру мүмкіндігінен қол үзіп, арнайы орындарда жазасын өтеп жүргендердің өз қиялдарының жемісін көріп, туындыларын жұртшылық назарына ұсынуына жағдай жасау маңызды.

Шарықтаған қиял жемісі

Ақтау қаласының тергеу изолято­рында сотталғандарға өз өнерін шың­дап, ғылыми жұмыспен айналы­сып, өзіне де, қоғамға да пайдасы зор ең­бекпен шұғылдану жолға қо­йыл­ған. Жуырда сотталғандар арасын­да ұйым­дастырылған қолөнер бұйым­дарының көрмесі – осының дәлелі.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жазасын өтеушілердің бос уақыттарын тиімді пайдалану, шығармашылық шеберлігін шыңдап, өмір жайлы ой-толғамдарын, қоршаған ортаға деген көзқарастарын білдіретін шы­ғармалармен бөлісу. Көрмеге қо­йылған қолөнер бұйымдарына мекеме қыз­меткерлерінен жасақталған қазы­лар алқасы баға берді.

Сотталғандар дайындаған туынды­ларда оқшаулау жағдайындағы өмір ғана емес, сондай-ақ қазіргі сәт­­те олардан алыс қалған табиғат сұ­лу­лығы, отбасылық өмірдің қы­зы­ғы, жылы­лық пен арман-мүдделері кө­рініс тапқан.

1

Атап айтқанда, Қ.Ұзақұлы өз қо­лымен тоқыған жүн шұлығын көрмеге ұсынса, ал Н.Халиков қағаздан жа­саған тауысты, Н.Садабаев ағаш­тан ойып жасаған қобдишасын, Б.Донбаев пластмасса шөлмегінен жасалған тәспі ұсынды. Қолөнер бұйымдарының көр­ме­сіне жалпы саны 5 туынды ұсы­нылды.

Сайысқа қатысушылар қолөнер бұйымдарын қазылар алқасына ке­ңінен таныстырып, бұйымдардың мән-мағынасын ашып берді. Қазылар сот­талғандардың әңгімелерін тыңдап, ерек­ше көзге түскен бұйымдар­­дың иелерін жеңімпаз деп танып, олар­ды мекеме бастығының грамотасы­­­мен ма­рапаттады. Қолөнер бұйым­да­­ры ав­торларының ұсынысы бо­йын­ша көрмеге ұсынылған бұйым­дар Ақтаудағы балалар үйіне табыс етілді.

Осылайша, жазасын өтеуші жандар қамкөңіл балаларға қуаныш сыйлады.

 

Маңғыстау облысы