Парламент • 28 Қаңтар, 2021

Архивтер мәселесіне арналды

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшелері еліміздің Мәдениет және спорт министрімен кездесті. Ел Пре­зидентінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жол­дауын іске асыру аясында архив­тер мен кітапхана қорының жай-күйі, қолжазбаларды, сирек кез­де­сетін кітаптар мен құнды құ­жат­тарды цифрландыру күн тәрті­біндегі басты мәселе болды, деп ха­барлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Архивтер мәселесіне арналды

Кездесуді сенатор, комитет төрағасы Мұрат Бақтиярұлы жүргізіп отырды.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова депутаттардың сауалдарына жауап бере келіп, еліміздің кітап қоры мен кітап қоймаларының жай-күйі, сондай-ақ кітапханашылар мен мұрағат қызметкерлерінің жалақысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Сенатор Нұртөре Жүсіп осы мәселеге байланысты елімізде архивтерді дамытуға жеткілікті көңіл бөлінбейтінін, сондықтан олардың жағдайы қазіргі заманғы стан­дарт­тарға сәйкес келмейтінін атап өтті. Бұл салада мамандар жетіспеушілігі де өт­кір мәселеге айналып отыр.

Сенатор кітапханаларда ерекше қа­жет­ті­ліктері бар адамдарға қажетті жағдайлар жа­салмағанына назар аударды. «Көзі көрмейтін және нашар көретін адам­­дарға арналған кітапханаларға ерекше назар аудару қажет. 46,5 мың зағип және на­­шар көретін азаматтардың еліміздің қо­ғам­­­дық-саяси өміріне араласу және лайық­ты білім алу құқықтары шектелмеуі тиіс», деді ол.

Жиналғандар тарихи маңызды қолжаз­ба­лардың, сирек басылымдар мен кітап­тар­дың көшірмелерін іздеу мен сатып алуды қар­жыландырудың маңыздылығы туралы айтты. Кездесу соңында сенаторлар мә­де­ниет қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесін қарастыру және сирек кі­таптар мен қолжазбалар сақталатын Ұлттық орталық құруды ұсынды.