Өнер • 28 Қаңтар, 2021

Канн фестивалі жазға шегерілді

7 рет көрсетілді

Канн фестивалі биылғы жазда өткізіледі. Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, іс-шара шілденің 6-17 аралығында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Әуелде фестиваль, жылдағыдай 11-22 мамыр аралығында ұйымдастырылады деп жоспарланған болатын. 

«Өткен жылдың күзінде Канн фестивалін өткізу мерзімі әлемдегі санитарлық жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін екендігін хабарлағанбыз. Осылайша, Канн онкүндігі алдын ала жоспарлағандағыдай 11-22 мамыр аралығында емес, 2021 жылдың 6-17 шілдесінде өтеді», делінген мәлімдемеде. 

2020 жылы әйгілі фестивальді өткізу уақыты пандемияға байланысты өзгертілді. Алайда, көрермендер назарына ұсынылуы тиіс көрсетілімдердің бір бөлігі өзге фестивальдер мен кинотеатрлардағы тақырыптық қойылымдар барысында көрсетілді. 2020 жылы іс-шара вирусқа қарсы қатаң шараларды ұстана отырып, Берлин мен Венецияда ұйымдастырылды. Биыл фестивальді Берлинде ұйымдастырушылар іс-шараны өткізу мерзімі өзгергенін айтты. 

Сондай-ақ конкурстық көрсетілімдердің онлайн өтетіні, ал көрермендер қатысатын шаралардың мамыр айында өтетіні мәлім болды. Айта кетейік, өткен жылы пандемияның шарықтау шегіне жеткен кезінде Канн фестивалін ұйымдастырушылар оны көрермендермен бірге, тіпті онлайн өткізуден де бас тартқан болатын.

Соңғы жаңалықтар

Медбикенің мұнысы не?

Аймақтар • Кеше

Доллар арзандап келеді

Экономика • Кеше

Ұқсас жаңалықтар