Аймақтар • 29 Қаңтар, 2021

Атырауда салынатын зауытта 1 млрд текше метр газ өңделеді

614 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Атырау облысында 1 млрд текше метр газ өңдейтін зауыттың құрылысы басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда салынатын зауытта 1 млрд текше метр газ өңделеді

Мақат ауданының әкімі Шәкір Кейкиннің айтуынша, зауыт құрылысына 1 млрд 250 млн доллар инвестиция салу жоспарланып отыр.  

«Ескене кентіне таяу маңда жылына 1 млрд текше метр газды кешенді өңдеу зауытының құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Жобаның құны 1 млрд 250 млн долларды құрайды. Каспий теңізіндегі «Қашаған» кен орнының газын өңдейтін нысанның құрылысын «GPC Investment» ЖШС жүргізеді. Зауыт құрылысы биыл басталып, 2023 жылы аяқталады. Құрылысты жүргізу кезінде 3000-ға жуық адам жұмыспен қамтылады. Ал, зауыт пайдалануға берілген соң 450 адам тұрақты жұмысқа орналасады» дейді Шәкір Кейкин.