Аймақтар • 29 Қаңтар, 2021

Шымкентте ішімдік дайындайтын жасырын цех анықталды

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте заңсыз алкоголь өнімін дайындайтын жасырын цех анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкентте ішімдік дайындайтын жасырын цех анықталды

Шымкент қаласында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесі бойынша жалған есепке алу-бақылау маркасы бар алкоголь өнімін дайындайтын астыртын цех қызметінің жолы кесілді. Өндірілген өнім Шымкент қаласының аумағында сатылып келген.

«Тексеру барысында жалған ЕБМ бар «Русская на бруньках» және «Березовая» маркалы 2 мың бөтелкеден астам алкоголь өнімі, 160 литр спирт, 10 мыңнан астам марка, сұйықты араластыруға арналған сорғы, алкогольге арналған 140 бос қорап және 80-нен астам бос бөтелке, 400-ден астам қақпақ тәркіленді», делінген хабарламада.

Комитеттің мәлімдеуінше, аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 233-бабы 2-бөлігімен (көрiнеу жалған есепке алу-бақылау маркаларын пайдалану немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды. Қазіргі уақытта тиісті сараптама мен тергеу амалы жүргізіліп жатыр.