Қазақстан • 29 Қаңтар, 2021

Антикор жемқорларды қоғамдық жұмысқа жегуді ұсынады

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Антикор жемқорлық қылмыстары үшін жаза ретінде қоғамдық жұмыстарға тартуды ұсынады. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Антикор жемқорларды қоғамдық жұмысқа жегуді ұсынады

«Түрме адамды сирек тәрбиелейді. ЭЫДҰ (ОЭСР) елдерінде жемқорларды негізгі немесе қосымша жаза ретінде қоғамдық жұмыстарға тартуы кездейсоқ емес. Мысалы, Ұлыбританияда сотталғандарға «қоғамның қарызын қайтару» деген жазуы бар кеудеше кигізіп, оларға көше жұмыстарын жасатады. Писхологиялық тұрғыдан бұл тәсіл біршама тиімді әрі қоғам зиянкес  қылмыскерлерді танитын болады.

Орта және орташа ауыр жемқорлық қылмыстары үшін қоғамдық жұмыстарға тарту қылмыстық заңнамамен реттелгеніне қарамастан, Қазақстанда соттар мұндай жазаны мүлдем тағайындамайды. Менің ойымша, ең алдымен күшті алдын алу әсері тұрғысынан бұл институтты күшейту қажет», деді А.Шпекбаев.