«Қаңтар айындағы кезекті тексеріс кезінде «Атырау-Орал» тас жолының 5-189, 125-150, 160-170 шақырымдары аралығындағы жол қармен нығыздалғаны анықталды. Бұл көліктердің жүруіне кедергі келтіреді. Сол себептен, жолдарға күтім жасайтын «ҚазақАвтодор» ЖШС-не олқылықты жою туралы хат жолданды. Нәтижесінде «Ақтөбе-Атырау-Ресей шекарасы» жолының 458-487, 504-598, 892-893 шақырымына, «Атырау-Орал» тас жолының 5-189 шақырымына, сондай-ақ, «Доссор-Құлсары-Бейнеу» жолының 0-210 шақырымына 81 тонна тұз, 588 тонна құм себілді. Мұндай жұмыс 22 қаңтарда жауған қардан кейін де жүргізілді. Орталық мамандары тас жолдардағы көлік қозғалысының қауіпсіздігін бақылауға алып отыр», дейді облыстық филиал инженері Мерей Телеуғалиев.