Сарапшылардың пікірінше тәркіленген қару алты оқты Макаров тапаншасы екен.Тергеуге дейінгі тексеру барысында қару 4 мың долларға Қазақстан азаматынан сатып алынғаны анықталған.
Айта кетейік, ұсталғандардың бірі бұрын сотталған азамат. Ол 2012 жылы Өзбекстанның Қылмыстық кодексінің 97-бабы бойынша (қасақана кісі өлтіру) сотталған, ал 2019 жылы – 169-бап бойынша (ұрлық) кінәлі деп танылған.
Қазіргі уақытта аталған азаматтарға қатысты Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 246-бабы (контрабанда) бойынша қылмыстық іс қозғалды және қамауға алу түрінде алдын-алу шарасы қолданылды.
Аида ОРАЛБЕК