Әлем • 29 Қаңтар, 2021

Сингапур хайуанаттар бағында ерекше арыстан дүниеге келді

430 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сингапурдың зообағында алғаш рет қолдан ұрықтандыру арқылы арыстан күшігі дүниеге келді, деп хабарлайды Egemen.kz. Зообақ қызметкерлері ерекше жағдайда өмірге келген аланды Симба деп атаған.

Сингапур хайуанаттар бағында ерекше арыстан дүниеге келді

Мамандардың арыстанды жасанды жолмен ұрықтандыруының өзіндік себебі бар. Көп жылдан бері осы бақты мекен еткен Муфаса басқа арыстандарға қарағанда ұзақ өмір сүріп келе жатқанын байқайды. Ерекше жануардың ұрпағы жалғасқанын қалаған мамандар осындай шешім қабылдапты. Ал ұрықтандыру процесінен кейін арыстан қайта оянбаған.

 

Сингапур хайуанаттар бағындағы жабайы табиғатты зерттеу және денсаулық сақтау орталығының мамандары кішкентай Симбаның жағдайы жақсы екенін айтады. Жасанды жолмен өмірге келгеніне қарамастан кішкентай аң патшасы өте шапшаң әрі тез өсіп келе жатқаны байқалады. 

Айта кетейік, Халықаралық табиғатты қорғау одағы арыстанның бұл түрін өмір сүруге қауқарсыз, осал деген шешім шығарып отыр. 

Аида ОРАЛБЕК