Нәтижесінде, 2020 жылдың маусым айында серіктестіктің құрылымдық бөлімшесі «Astanamotоrs» автосалонында Мамандандырылған ХҚО қызмет алушыларын жайғастыру, сондай-ақ автосалон сервисін жақсарту мақсатында көлік құралдарын тіркеу/қайта тіркеу желісі бойынша құжаттарды қабылдауды жүзеге асыруға жұмыс орны ұйымдастырылды.
«Бавария авто орталығы» сауда үйі» ЖШС-мен меморандумға отырып, әріптес болғанымызға жарты жылдан асты. Содан бері «Astanamotоrs» автосалонында ұйымдастырған жұмыс орны арқылы 2009 құжат қабылданды. Енді бізге құжаттарды көшіретін (сканерлейтін) 100 принтер сыйлап отыр. Өзара әріптестігіміз халыққа қызмет көрсетуде жемісті нәтижелер беруде», дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Данияр Қырықбаев.
«Бавария авто орталығы» сауда үйі» ЖШС өкілі өз тарапынан мамандандырылған ХҚО-ға ұсынған техникаларды (сканерлер Hi-Speed Portable Scanner S520,5 Mega pixels, Max A4 size) филиал ұжымына салтанатты түрде табыс етті.
Бұл техникалар Алматы қаласындағы мамандандырылған ХҚО-лардың электрондық мұрағатын құру мақсатында көлік құралдарын тіркеу/қайта тіркеу құжаттарын сканерлеу үшін пайдаланылатын болады.