19 Желтоқсан, 2013

Ақтөбеде өнертапқыш ауа тазартатын құрылғы ойлап тапты

490 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19 12-AktobeАқтөбе облысының тұрғыны Нұрлан Жанбурин республикалық «инновациялық форсаж» байқауының жүлдегері атанды. Бұл туралы «Хабар» телеарнасы хабарлады.

Н. Жанбурин мұнай компанияларының бірінде энергетик болып қызмет істейді. Ол ауаны ионмен тазарту құрылғысын ойлап тапқан. Дыбыссыз электронды сүзгі терезеге орнатылып, ол ауадағы зиянды газдар мен шаңды бөлмеге өткізбейтін көрінеді.

Автор бұл жобасына патент алды. Қазір оны нарыққа шығарудың жолын іздестіруде. Әзірге жаңа қондырғыға Ресей мен Қытай азаматтары қызығушылық білдіріпті. «Біздің елде жаңа жобаларды жүзеге асырудың мүмкіндігі бар. Тек осы жылдың өзінде 376 азамат өнертапқыш байқауына қатысуға өтініш білдірді. Соның ішінен 15 азамат үздік атанды»,-дейді өнертапқыш Нұрлан Жанбурин.

Осы өңірдің тағы бір тұрғыны «Зерек» атты интерактивті қалам ойлап тауыпты. Қаламдағы электронды сканер бүлдіршіндерге әріптер мен ертегілерді дауыстап айтып береді. Оның сөздік қорында қазақ тілінде 3 мыңнан аса сөз бар. «Жұмыс кезінде «Зеректі» тиімді пайдаланып жүрміз. Өйткені, бұл құрал қазақ, орыс, ағылшын тілдерін үйренуге арналған. Сондықтан оның балғындарға тигізетін көмегі мол»,-дейді мектепге дейінгі білім беру мекемесінің мұғалімі Ғалия Омарова.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «Хабар» телеарнасы.

Фото: «Хабар» телеарнасы

Соңғы жаңалықтар