Әлем • 01 Ақпан, 2021

Таулы Қарабақта бақылау орталығы ашылды

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әзербайжанның Агдам ауданында Таулы Қарабақтағы атыс­ты тоқтатуды бақылау бойынша бірлескен Ресей-түрік орталығы жұмысын бастады.

Таулы Қарабақта бақылау орталығы ашылды

Бұл туралы Ресей Қорғаныс министрлігі хабарлады. Орталық құрамында әр тараптан 60-қа дейін әскери қызметші жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ жаңа орталық тараптардың әскери басқару органдарымен және Ресейдің бітімгершілік контингентінің штабымен тікелей байланыса алады. 30 қаңтарда өткен бірлескен Ресей-түрік орталығының ашылу салтанатына Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің басшысы Закир Гасанов, Ресей Қорғаныс министрінің орынбасары Александр Фомин және Түркия Ұлттық Қорғаныс министрінің орынбасары Юнус Караосманоглу қатысты. Бақылау орталығы Таулы Қарабақта атыс­ты тоқтату бойынша ақпаратты жинап, жинақтап, тексеріп отырады.