Аймақтар • 01 Ақпан, 2021

Pfizer вакцинасы Қазақстанға қолжетімді бола ма?

441 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов «Америкалық Pfizer вакцинасы Қазақстанға қолжетімді бола ма?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Pfizer вакцинасы Қазақстанға қолжетімді бола ма?

«Pfizer вакцинасы қазақстандықтарға екінші жартыжылдықтан кейін қолжетімді болуы мүмкін. Pfizer компаниясымен алдын ала уағдаластықтар бар, меморандум бекітілген, егжей-тегжейлі сұрақтар келіссөздер деңгейінде. Бір айта кетерлігі, өздеріңіз жаңалықтардан байқағандай, Pfizer вакциналары жетпей жатыр, компанияның өзге елдер алдындағы міндеттемелері әлі шешілмеген мәселе болып тұр. Ол вакцина -70 градуста сақталуы керек, барлық тетіктері әлі талқыланады», деді Ерлан Қиясов.