Қоғам • 01 Ақпан, 2021

Қазақстандағы адам бостандығының деңгейі қандай?

456 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Адам бостандығын анықтау бойынша халықаралық рейтинг жарияланған. Онда Қазақстан 162 елдің ішінен 75-орын алған, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстандағы адам бостандығының деңгейі қандай?

The human freedom index рейтингінде елімізге 6,99 индекс беріліп, Армения, Қырғызстан, Беларусь және Ресей елдерінен төмен орналасқан. Ұйымдастырушылар адам бостандығы индексін екі басты компонентке қарап түзген – жеке және экономикалық бостандығы. Қазақстанның жеке бостандығы 6,85 болса, экономикалық еркіндікке 7,12 индексі берілген. Рейтингтегі максималды индекс – 10, ең төмені – 0.

Рейтингті Жаңа Зеландия, Швейцария, Гонконг елдері бастап тұрса, ең төменін 3,97 индекспен Сирия қорытындылайды.

Finprom.kz жазуынша, адам бостандығы индексі адамдарға қаншалықты шектеу қойылғанын, олардың билікке қаншалықты тәуелді екенін көрсетеді. Жалпы адам бостандығы индексін есептеп шығару үшін 76 көрсеткіш назарға алынады екен. Оның ішінде адам қызмет ететін 12 салаға тікелей қатысты жеке, азаматтық, экономикалық еркіндік бар. Ол салалар: заң үстемдігі, қауіпсіздік, қозғалыс еркіндігі, діни сенім еркіндігі, қауымдастық және азаматтық қоғам еркіндігі, ақпарат және пікір білдіру еркіндігі, жеке қарым-қатынас еркіндігі, үкімет өлшемі, заң жүйесі мен меншік құқығын қорғау сапасы, сенімді ақшаға деген қолжетімділік, халықаралық сауда еркіндігі, бизнесті, еңбекті және несиелеуді реттеу еркіндігі.

Алғашқы жеті сала жеке еркіндік бағытына жатады, Қазақстан бұл бағыт бойынша 90-орында. Ал соңғы бес сала экономикалық индексті құраушы факторлар. Ол бойынша еліміз 73-орынға жайғасқан.