Белгілі болғандай, қатысушылардың бірі – Shift4 Payments компаниясының негізін қалаушы 37 жастағы миллиардер Джаред Айзекман. Ол ғарыш кемесіндегі тағы үш астронавттың шығынын өтеп беруге келіскен.
«Ұшар алдында экипаж толық дайындықтан өтеді, оның ішінде микрогравитация және салмақсыздық жағдайында тексеріледі», делінген мәліметте.
Іріктеуге өтініш беру үшін арнайы сайт қосылған. Ғарышқа үшу үшін 10 доллар көлемінде бастапқы жарна төлеу керек. Жиналған қаржы қатерлі ісікке шалдыққан балаларға жұмсалады. Ал ғарыш туристерінің есімдері бір ай ішінде анықталады.