20 Желтоқсан, 2013

Консультациялардың екінші раунды

265 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанада Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбай мен Марокко Корольдігінің Сыртқы істер және ынтымақтастық министрлігінің Бас хатшысы Насер Буританың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Марокко Корольдігі Сыртқы істер және ынтымақтастық министрлігі арасындағы саяси консультациялардың 2-ші раунды болып өтті.

Консультациялар барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ, түрлі салалардағы байланыстарды кеңейту жолдарын, сауда-экономикалық қатынастарды ілгерілету, инвестицияларды қорғау мен ынталандыру, дипломатиялық және қызметтік паспорттар иелерін визалық талаптардан босату туралы Үкіметаралық келісімдер жобаларына қол қоюға дайындық мәселелерін талқылады.

Тараптар халықаралық және өңірлік көкейкесті мәселелер бойынша пікір алмасты. Консультациялардың қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қойылды, саяси консультациялардың кезекті раундын Марокконың астанасы – Рабатта өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сапары барысында Насер Буританың Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевпен, Мұнай және газ министрлігінің жауапты хатшысы Қанатбек Сафиновпен кездесулері болып өтті. Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Әбдірасіловпен болған кездесудің қорытындысы бойынша Мемлекеттік басқару академиясы мен Марокко Корольдігі Сыртқы істер және ынтымақтастық министрлігінің Дипломатиялық академиясы арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар