![2021 жылы Қазақстанда халық санағы жаңа тәсілмен жүргізіледі](/media/2021/02/02/ybupoafp.jpg)
«Президент жанындағы реформалар жөніндегі Жоғары Кеңестің шешіміне сәйкес, ұлттық санақ биыл жүргізіледі. 2021 жылғы ұлттық халық санағының жаңалығы – заманауи цифрлық технологияларды енгізу және процесті автоматтандыру», деді Келімбетов Үкімет отырысында.
Енді тұрғындар туралы деректерді жинау 2 жолмен жүргізіледі.
«Бірінші әдіс – sanaq.gov.kz сайтында интернет сауалнама жүргізу. Ол виртуал көмекші арқылы, қай жерде отырғанына қарамастан, өзі және отбасы жайлы санақ парағын толтыруға мүмкіндік береді.
Екіншісі – қажетті санитарлық нормаларды сақтай отырып, дәстүрлі аралау. Бұл онлайн режимде санақтан өтпеген респонденттер арасында жүргізіледі.
Тағы бір жаңалық – үй-үйді аралағаннан кейін мәліметтер планшетке жүктеледі және жергілікті мектептерге беріледі. Мұндай санақ 1-30 қазан аралығында жүргізіледі», деді ол.